Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 6 Қаулысы
(2026.21.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңының 31-бабының 2 тармағына, 34-бабының 2 тармағына және 39-бабының 2, 3 және 7 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;